кыздар кулактарына алтын сырга) Қазақта инабатты қыз өсіру ниетімен тыйым сөздерді де пайдаланған қызға 40 үйден тыйым болған:
1. Жарыса сөйлеуге
2. Жалғыз қыдыруға
3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге
4. Орынсыз ұрынуға
5. Басқаларға қол тигізуге
6. Өтірік, өсекке
7. Суық жүріс, сумаң қылыққа
8. Кісіге қарай керіліп есінеуге
9. Талтайып отыруға
10.Шалқайып жатуға
11.Тамақты обырлана асауға
12.Ұрлық қарлыққа
13.Ұятты мүшелерін ашып жүруге
14.Бұраңдап қылмысуға
15.Қызыл іңірде жатуға
16.Түске дейін ұйықтауға
17.Кісі алдында киім ауыстыруға
18.Салт-дәстүрден аттауға
19.Елді ғайбаттауға
20.Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға
21.Ішімдік пен шегімдікке
22.Ұрыс-керіске
23.Беттен алып, бет жыртысуға
24.Қараулыққа, ысырапқа
25.Рахымсыздық пен қатыгездікке
26.Түнде суға жалғыз баруға
27.Жат жыныстылармен арласып жатуға
28.Күйеуге қашып тиюге
29.Әдепсіз сөзге
30.Тарс-тұрс етуге
31.Адам мен жануарларды тебуге
32.Кісіні қорлап жәбірлеуге
33.Тәкәппарлық пен сыйқымазақ жасауға
34.Айғай сүреңге
35.Шектен тыс сыланып жасануға
36.Қызғаншақтық пен күншілдікке
37.Менмендік пен өзімшілдікке
38.Алдап-арбауға
39.Көрсеқызарлыққа
40.Нәпсі құмарлыққа тыйым
Бұл тыйым сөздердің мағынасын түсініп есте сақтау қажет. Түсінбеген, өз басына кездескен кейбір жағдайларды ашық айтып пікірлесу де адамдықтың белгісі.Ұстаз-ақылшың, оқытушың, шын досың. Әр уақытта пікірлесіп ішкі жан дүниеңді ашуда ата-анңмен бірдей адам.Ата-ана мен ұстаздың арсына қаяу түсірме. Сыйла, айтқанын тыңда. Олар сендерді қорғайды, қолдайды. Жанель Бабаева